Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 11.10.2022 № 191/28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес автотұрақтар (паркингтер) санаттары белгіленсін және Ақсу қаласының елді мекендерінде автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкасы ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын есептеу кезінде, қолданылатын жақын жатқан елді мекен болып Ақсу қаласы айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 230/31 шешіміне қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары және Ақсу қаласы елді мекендерінің автотұрақтары (паркингтері) үшін бөлінген жерлерге салық салу үшін салықтың базалық ставкасы
Рет № | Автотұрақтардың (паркингтің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтің) санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Ақсу қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық ставкасы (теңге) | Базалық ставканы ұлғайту мөлшері | Ұлғаю мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Ақсу қаласының жерлеріне базалық салық ставкасы |
1 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санаты | 8,20 | 10 | 82,00 |
2 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санаты | 8,20 | 10 | 82,00 |