Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабының 1 – тармағына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 2-02/85 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Шілікті ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27216 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жолболды ауылдық округінің әкімі | Х. Ахтанов |