Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27216 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 20.05.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 2-02/51 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Шілікті ауылында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жолболды ауылдық округінің әкімі Х. Ахтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады