Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 1-03/2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27477 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 11.05.2022 № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 -бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 1.1-28/24 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауылдық округінің әкімі А. Желдыбаев

Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Аққулы сельского округа Аққулы района Аққулы

Решение акима сельского округа Аққулы района Аққулы Павлодарской области от 31 марта 2022 года № 1-03/2. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 апреля 2022 года № 27477. Утратило силу решением акима сельского округа Аққулы района Аққулы Павлодарской области от 11 мая 2022 года № 1-03/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением акима сельского округа Аққулы района Аққулы Павлодарской области от 11.05.2022 № 1-03/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно - санитарного инспектора района Аққулы от 15 марта 2022 года № 1.1-28/24 РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории села Аққулы сельского округа Аққулы района Аққулы в связи с выявлением болезни инфекционного ринотрахеита крупного рогатого скота.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Аққулы А. Желдыбаев