Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 11.05.2022 № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 -бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 1.1-28/24 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауылдық округінің әкімі | А. Желдыбаев |