Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы "Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-03/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 мамырдағы № 1-03/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 28004 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабы 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабы 8) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 1.1-28/44 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында ірі қара малдың арасында жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар облысы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы "Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі Аққулы ауылының аумағында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" № 1-03/2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27477 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғащқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауылдық округінің әкімі А. Желдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады