Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 2/260 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1163 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | А. Амрин |