Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі N 2/260 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда N 1163 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 3/360 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 29.07.2022 № 3/360 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 20 бабының 17-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 2/260 қаулысымен бекітілген

Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің
Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20 бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

      2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін, халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 0,5 %-ын қамти отырып тандалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

      12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.

      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидалардың 6 қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
1 қосымша

Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар
объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар

1 адам

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

20

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, жанармай құю стансалары, гараждар

1 машина-орын

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

32

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
2 қосымша

      Нысан

      Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Қала ________________________________________________________________

      1. Мекенжайы ________________________________________________________

      2. Қабаттылығы ______________________________________________________

      3. Үйдің нөмірі _____________________________________________________

      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _______________________________

      5. Жайлылық деңгейі: ________________________________________________

      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы _____________________________

      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) __________________

      в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ ____

      г) қоқыс құбырының болуы ____________________________________________

      д) аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________

      оның ішінде

      жасыл екпелер бар ___________________________________________________

      жабыны қатты ________________________________________________________

      оның ішінде жаяусоқпақтар ___________________________________________

      6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы ___________

      7. Қоқысты шығару кезеңділігі _______________________________________

      8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)

      _____________________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә., лауазымы

      Нысан

      Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Қала

      1. Объектінің атауы _________________________________________________

      2. Мекенжайы ________________________________________________________

      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ______________________________________________________________

      4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) _______________________________

      5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________

      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) ___________________________

      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________

      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________

      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ________________________________________

      Оның ішінде:

      сауда алаңы _________________________________________________________

      қоймалық және қосалқы алаң __________________________________________

      8. Аула аумағының алаңы, м2 _________________________________________

      Оның ішінде:

      жасыл екпелер бар ___________________________________________________

      жабын қатты _________________________________________________________

      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ______________

      10. Қалдықтарды шығару мерзімі ______________________________________

      11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле

      ме? (қандай және қанша) _____________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә., лауазымы

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
3 қосымша

      Нысан

      Бастапқы жазба бланкісі

      _____________

      (күні)

      ___________________________________________________ объектісі бойынша (атауы, мекенжайы)

Контей-

нердің р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м

Кон-

тей- нер негі-

зінің алаңы, S, м2

Контейнер-

дегі қалдық-

тардың көлемі, h*S, м3

Қалдық-

тар тиелген контей-

нердің масса-

сы (қоқыс тасы-

ғыш), m3, кг

Бос контей-

нер-

дің масса-

сы (қоқыс тасы-

ғыш), mп, кг

Контей-

нердегі қалдық-

тардың массасы,

m3 - mп

1







2







...







Тәулік ішіндегі жиыны



Vтәу



Мтәу

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
4 қосымша

      Нысан

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының

      жиынтық маусымдық ведомосі

      20__жылғы ___ ___________бастап ____ _______________ дейін

      Жайлылық типі ___________________________________________

Аптаның күндері

Объек-

тінің атауы

Объек-

тінің қызмет түрі

Есептік бір-

ліктің

саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/масса-

сы

Орташа тығыз-

дығы, кг/м3

Барлы-

ғы қайта-

лама шикі-

зат ірік-

теп алынды (бөлек жина-

ған кезде)

жалпы

1 есеп-

тік бір-

лікке

кг

м3

кг

м3

кг

м3

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











Тәулігіне орташа












      Қолдары

      Т.А.Ә., лауазымы

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
5 қосымша

      Нысан

      Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық

      жылдық ведомосі

      Жайлылық типі ____________________________________________________

Объект

Ай

Өлшене-

тін бірлік-

тің

саны

Қалдықтардың жиналуы

Біртекті емес коэффи-

циент

Бөлек жинау, кг

жалпы

өлшене-

тін 1 бірлік-

ке

жалпы

өлшенетін

1 бірлік-

ке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13





























































































      Барлығы

      Тәулігіне орташа

      Қолдары

      Т.А.Ә., лауазымы

  Алматы қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
6 қосымша

Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын есептеу

      1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

      V конт=h*S

      мұндағы h – контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

      S – контейнер түбінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт =m3- mп

      мұндағы mз – қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп – қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңд орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.

      Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста – желтоқсан/қаңтар; көктемде – сәуір/мамыр; жазда – маусым/шілде; күзде – қыркүйек/қазан.

      Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7

      мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7

      мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус / (nхa)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус / (nхa)

      мұндағы n – маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      a – есептік бірліктің саны;

      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n

      мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста - "қ", көктемде - "к", жазда - "ж", күзде "кү" - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

      n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

      9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vж, м3)

      Vж = Vтож х nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж = mтож х nк

      мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

      2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      gср =m/V,

      мұндағы m және V – есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Kбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Kбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Kмбе = Vmaxтәу./Vом

      мұндағы Vmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.

      массасы бойынша:

      kсн = mmaxтәу./mом

      мұндағы mmaxтәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

      3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың пайда болуының есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады