Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 2/260 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 3/360 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 тамызда № 29017 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 2/260 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1163 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы А. Амрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады