Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орлиногор мемлекеттік табиғи қоралым (ботаникалық) аумағында шаруашылық қызметтерге шектеу қою туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1690 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағының алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"сол сияқты өсімдіктердің бүлінуін және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге.";
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |