"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 9) тармақшасы, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы 68 бабы 1 тармағы негізінде, бірегей табиғи кешендерді және мемлекеттік табиғи қорғалымдардың мемлекеттік табиғи-қорықтық қорлары объектілерін сақтау, қайта қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орлиногор мемлекеттік табиғи қорғалымы (ботаникалық) аумағындағы жер пайдаланушылардың және табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне келесі шектеулер енгізілсін:
мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудің барлық түрлеріне, гүлдерді жинауға, түптерді, түйнектерді, және өсімдіктердің баданаларын тамырымен қазуға;
от жағуға;
жолдары жоқ жерлерде көлік құралдарының жүруіне және жылжуына;
өсімдіктердің және жануарлардың жаттұқымды түрлерінің интродукциясы;
сол сияқты өсімдіктердің бүлінуін және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.03.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.03.2022 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Біләлов |