Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27245 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
30 желтоқсандағы № 291 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
18 наурыздағы № 61 қаулысына | |
1-қосымша |
2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 15 823 | 158 230,0 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 8 459 | 126 885,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 160 | 16 000,0 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 425 | 63 750,0 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | Сатып алынған бас | ||
4.1 | Отандық | 835 | 125 250,0 | |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 80 | 18 000,0 | |
4.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 24 | 7 200,0 | |
5. | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | 5 000 | 750 000,0 | |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 874 127 | 174 825,4 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу | |||
1.1 | Қос жынысты | Сатып алынған доза | 1 138 | 2 950,8 |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | Сатып алынған бас | ||
2.1 | Отандық | 437 | 86 165,7 | |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 415 | 93 375,0 | |
2.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 1 790 | 703 195,7 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату | |||
3.1 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 712 920 | 2 057 081,4 |
3.2 | Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 17 369 208 | 521 076,2 | |
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 13 921 764 | 278 435,3 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 19 868 452 | 397 369,0 | |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 3 423 | 17 115,0 |
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | 68 514 | 3 425,7 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 999 200 | 59 952,0 |
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | ||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | 6 767 | 27 068,0 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 1 498 | 22 470,0 |
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | Сатып алынған бас | 2 | 200,0 |
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 2 225 | 311 500,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | 5 084 | 203 360,0 |
Облыс бойынша жиыны | 6 224 880,2 | |||
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен: | ||||
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | |||
1.1 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан 400 басқа дейінгі сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал басы) | Бас | 3 372 | 134 868,1 |
1.2 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (400 бастан басталатын сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал басы) | 17 767 | 1 421 375,1 | |
1.3 | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын ірі қара мал) | 25 008 | 875 268,8 | |
2. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын шошқалар) | 5 000 | 125 000,0 | |
3. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын жылқылар) | 1 808 | 14 462,5 | |
4. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын қойлар) | 8 810 | 26 431,0 | |
5. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | Килограмм | 36 957 | 2 217,4 |
Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының жиыны | 2 599 622,9 | |||
Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен: | ||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | Өткізілген дана | 327 550 667 | 982 652,0 |
Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының жиыны | 982 652,0 | |||
Жиыны | 9 807 155,0 |