2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 61 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27245 болып тіркелді

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелді) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Солтүстік Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2022 жылғы
  18 наурыздағы № 61 қаулысына
  1-қосымша

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 02.09.2022 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 30.12.2022 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлемі

Субсидиялар көлемі, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:




1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

Бас/шағылыстыру маусымы

15 823

158 230,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

8 459

126 885,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

Бас/шағылыстыру маусымы

160

16 000,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

Сатып алынған бас

425

63 750,0

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

Сатып алынған бас



4.1

Отандық

835

125 250,0

4.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

80

18 000,0

4.3

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

24

7 200,0

5.

Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу

5 000

750 000,0

6.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

Тірідей салмағы, килограмм

874 127

174 825,4

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу




1.1

Қос жынысты

Сатып алынған доза

1 138

2 950,8

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

Сатып алынған бас



2.1

Отандық

437

86 165,7

2.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

415

93 375,0

2.3

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

1 790

703 195,7

3.

Сүт өндіру құнын арзандату




3.1

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

45 712 920

2 057 081,4

3.2

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

17 369 208

521 076,2

3.3

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

13 921 764

278 435,3

3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

19 868 452

397 369,0

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

3 423

17 115,0

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату




1.1

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген килограмм

68 514

3 425,7

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

999 200

59 952,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бас/шағылыстыру маусымы



1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

6 767

27 068,0

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

Сатып алынған бас

1 498

22 470,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

2

200,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

Сатып алынған бас

2 225

311 500,0

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

Бас/шағылыстыру маусымы

5 084

203 360,0

Облыс бойынша жиыны



6 224 880,2

Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен:

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату




1.1

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан 400 басқа дейінгі сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал басы)

Бас

3 372

134 868,1

1.2

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (400 бастан басталатын сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал басы)

17 767

1 421 375,1

1.3

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын ірі қара мал)

25 008

875 268,8

2.

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын шошқалар)

5 000

125 000,0

3.

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын жылқылар)

1 808

14 462,5

4.

Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (50 бастан басталатын қойлар)

8 810

26 431,0

5.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

Килограмм

36 957

2 217,4

Жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының жиыны



2 599 622,9

Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен:

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)

Өткізілген дана

327 550 667

982 652,0

Республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражатының жиыны



982 652,0

Жиыны



9 807 155,0

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 18 наурыздағы
  № 61 қаулысына
  2-қосымша

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Бағыты

Өлшем бірлігі

Норматив, мың теңге

Өлшемшарттар

Өтінімді беру мерзімдері

1.

Ірі қара мал




ағымдағы жылғы 1 сәуірден 20 желтоқсанға
дейін

1.1

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (50 бастан 400 басқа дейін)

Бас

40,0

1) жасы 18 айдан бастап кемінде 50 және 400-ден аспайтын аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

1.2

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басы (400 бастан)

Бас

80,0

1) жасы 18 айдан бастап кемінде 400 аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

1.3.

Ірі қара малдың аналық басы (50 бастан)

Бас

35,0

1) жасы 18 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

2.

Шошқаның аналық басы (50 бастан)

Бас

25,0

1) жасы 8 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

3.

Жылқының аналық басы (50 бастан)

Бас

8,0

1) жасы 36 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

4.

Қойдың аналық басы (50 бастан)

Бас

3,0

1) жасы 12 айдан бастап кемінде 50 аналық мал басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте САТЖАҚ-да және АЖБ-да сатып алынған мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

      Ескертпе:

      САТЖАҚ - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;

      АЖБ - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады