Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына сәйкес Казанка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылдың 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округі Казанка ауылының келесі көшелері:
Комсомольская көшесі Достық көшесіне;
Коммунистическая көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казанка ауылдық округінің әкімі | М. Акмолдин |