Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округі Казанка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 30 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30770 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына сәйкес Казанка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылдың 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Казанка ауылдық округі Казанка ауылының келесі көшелері:

      Комсомольская көшесі Достық көшесіне;

      Коммунистическая көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казанка ауылдық округінің әкімі М. Акмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады