Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А. Бектасова |