Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 17/184 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
мәслихатының хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады