Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылған деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 7 наурыздағы №24/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 4611 болып тіркелді);
2) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы №24/18 "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 17 наурыздағы №51/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6100болып тіркелді).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Елеусизов |