Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29114 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылған деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 7 наурыздағы №24/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 4611 болып тіркелді);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы №24/18 "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 17 наурыздағы №51/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6100болып тіркелді).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады