Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 12.08.2022 № 15/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мəслихатының 17.03.2020 № 51/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мəслихатының 17.03.2020 № 51/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мəслихатының 17.03.2020 № 51/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. "Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі №2/1 шешімнің (2016 жылғы 27 мамырда "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3759 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.