Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 17-08/35 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы "Карантин белгілеу туралы" № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26071 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көктерек ауылдық округі әкімінің міндеттін атқарушы |
Г. Садыкова |