Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26071 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің м.а. 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің м.а. 06.04.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2021 жылғы 27 қазандағы №17-08/230 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты, карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көктерек ауылдық округінің әкімі К. Дюсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады