Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 21-34/588 ұсынысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларын жұргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округінің Жалтыр ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24877 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) ресми жарияланғаннан күнінен бастап осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Городецк ауылдық округінің әкімі | Г. Капеева |