Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 11.04.2022 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 11-10/21 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі Мұқыр ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі | М. Есқалиев |