"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 11-10/95 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі Мұқыр ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея аурулардың жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26677 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Мұқыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі | М. Есқалиев |