Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 170 ""Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Арыс қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қаласының әкімі | Г. Курманбекова |