Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 170 ""Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Арыс қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 278 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 мамырда № 27877 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 170 ""Б" корпусындағы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Арыс қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі Г. Курманбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады