"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 8 тамыздағы № 32/178-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2800 болып тіркелген);
2) Түркістан қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/123-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4325 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Тангатаров |