Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 15/86-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27358 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 8 тамыздағы № 32/178-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2800 болып тіркелген);

      2) Түркістан қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 22/123-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4325 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы М. Тангатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады