Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 13.12.2023 № 10/44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардағы:
6-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:";
8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"медициналық ұйымдардың ұсынған тізімі бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Тангатаров |