Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 15/87-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27495 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 10/44-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 13.12.2023 № 10/44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардағы:

      6-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:";

      8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "медициналық ұйымдардың ұсынған тізімі бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы М. Тангатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады