Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 120 "Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан, ауыл, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мен атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 тіркелген) қаулсыының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Абдуллаев |