Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 120 "Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан, ауыл, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мен атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 25 наурыздағы № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27361 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 120 "Қазығұрт аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудан, ауыл, ауылдық округтері әкімдері аппараттары мен атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 тіркелген) қаулсыының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады