Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 13.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 26 қазандағы № 02-05/336 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекеніндегі Ө.Тілеубаев № 1-17 көшелерінің аумағына мүйізді ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтынтөбе ауылдық округінің әкімі | Д. Алибаев |