Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 31 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 қаңтарда № 6231 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 02-05/393 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтобе ауылдық округі Каржан ауылы Ө.Тілеубаев № 1-17 көшелерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 31 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30497 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алтынтөбе ауылдық округінің әкімі Д. Алибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады