Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 31 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қарашада № 30497 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі әкімінің 13.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 26 қазандағы № 02-05/336 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекеніндегі Ө.Тілеубаев № 1-17 көшелерінің аумағына мүйізді ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алтынтөбе ауылдық округінің әкімі Д. Алибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады