Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 17.08.2022 № 19 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін уақытша атқарушысының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 08-02-03/316 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Оразбаев |