Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 6 "Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 19 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29271 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Сайрам ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 2 тамыздағы № 08-02-03/458 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелері аумағында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 6 "Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28027 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады