Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 6 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28027 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 19 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 17.08.2022 № 19 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін уақытша атқарушысының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 08-02-03/316 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Ә.Құрмантаев және Қ.Сәтпаев көшелерінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады