"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 08-02-03/315 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:
1. Қайнарбұлақ ауылдық округі Құрлық ауылы Т.Асанбаев көшесі аумағында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қайнарбұлақ ауылдық округтің әкімі | К. Балатаев |