Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 45 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28077 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 08-02-03/315 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:

      1. Қайнарбұлақ ауылдық округі Құрлық ауылы Т.Асанбаев көшесі аумағында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайнарбұлақ ауылдық округтің әкімі К. Балатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады