"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 08-02-07/169 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Намазбаев көшесінің аумағында тотықұстардың орнитоз ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 79 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27612 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш қаласының әкімі | М. Доспулов |