Шектеу іс-шараларын тоқтату және Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 79 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 134 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28165 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 08-02-07/169 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы Намазбаев көшесінің аумағында тотықұстардың орнитоз ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 79 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27612 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш қаласының әкімі М. Доспулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады