Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Созақ аудандық мәслихатының "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3953 болып тіркелген);
2) Созақ аудандық мәслихатының "Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 13 наурыздағы № 225 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Байғараев |
2022 жылғы 23 қарашадағы № 140 Шешімге қосымша |
Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын, айына | 115 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын, айына | 120 |
Бірлік (көлеміне) жылдық тариф | 1м3 | 2150 |