Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 23.11.2022 № 140 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратауға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ ауданы бойынша қоса беріліп отырған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г.Әлімбекова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Байғараев |
Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 шешіміне қосымша |
Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 13.03.2019 № 225 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атаулары | Есептік бірлік |
Баға, |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы үйлер | 1 адам | 105 |
1.2 | Жайсыз үйлер | 1 адам | 105 |
1.3 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1200 |
2 | Тұрмыстық қаты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері | ||
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 105 |
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1200 |