Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 140 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30848 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Созақ аудандық мәслихатының "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3953 болып тіркелген);

      2) Созақ аудандық мәслихатының "Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 55 "Созақ ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өндеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 13 наурыздағы № 225 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4930 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Байғараев

  2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 140 Шешімге қосымша

Созақ ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын, айына

115

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын, айына

120

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1м3

2150


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады