2023 жылға Созақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 160 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31629 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Созақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Байғараев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по району Созак на 2023 год

Решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 28 декабря 2022 года № 160. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 января 2023 года № 31629. Прекращено действие в связи с истечением срока

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2023.

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 ноября 2021 года № 787 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев по району Созак в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2023 года включительно –0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2023 года.

      Мәслихат хатшысы Б. Байғараев