ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Созақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Байғараев |