Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шардара ауданының әкімі | К. Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына қосымша |
Шардара ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 29 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген) қаулысы;
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 201 "Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 29 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5764 болып тіркелген) қаулысы;
3. Шардара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 100 "Шардара ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6114 болып тіркелген) қаулысы.
4. Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 183 ""Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Шардара ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5735 болып тіркелген) қаулысы;
5. Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 405 "Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 183 ""Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Шардара ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6009 болып тіркелген) қаулысы;