Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 11.04.2022 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;
2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 325 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4252 тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 29 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен) | 5049 |
Шардара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 29 қаулысына 2-қосымша |
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. 2-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 25.08.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Барлығы: | Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
398,5 | 597,2 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.